2016 жылғы 4 шілде, Астана қаласы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережеде:
11-тармақ алып тасталсын;
13-тармақта:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемесін келіседі;»;
мынадай мазмұндағы 14), 15), 16), 17), 18) 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу жөніндегі статистикалық әдіснаманы және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандарын бекітеді;
15) ұлттық санақтарды жүргізеді; 16) мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
17) респонденттер мен үй шаруашылықтары ұсынған деректерді қоспағанда, алғашқы статистикалық деректерді тіркеу қағидаларын бекітеді;
18) деректер базаларын ғылыми мақсаттарда сәйкестендірілмеген түрде ұсыну және пайдалану тәртібін бекітеді;
19) шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң анықтығына нақтылау жүргізу қағидаларын бекітеді;
20) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну тәртібін бекітеді;»;
14-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысындағы тексерулерді қоспағанда, мемлекеттік статистика саласында респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) әкімшілік дереккөздерге қатысты тексерудің және бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу құқығымен мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
11) шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң анықтығына нақтылау жүргізеді;
12) уәкілетті органның ресми дереккөздерден алған деректерін мониторингілеуді, талдауды және оларды салыстыруды жүзеге асырады;
13) респонденттер мен үй шаруашылықтары ұсынған деректерді қоспағанда, алғашқы статистикалық деректерді тіркеуді жүргізеді;
14) салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды тұлғалар тізбесін бекітеді;
15) салықтық құпияны құрайтын мәліметтер тізбесін және оларды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосына ұсыну тәртібін бекітеді;»;
15-тармақта:
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен мемлекеттiк статистика саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;»;
мынадай редакциядағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Парламент комитеттерінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі бөлімдерінің және өзге де мемлекеттік органдардын сұрау салулары бойынша ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсынады;»;
16-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) дербес деректерді қамтитын базаға иелік ету, пайдалану және билік ету;
11-2) байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу;
22-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орталық аппаратпен келісу бойынша ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорынның басшысы мен оның орынбасарларын тағайындайды;».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмелерінің мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қ.БИШІМБАЕВ